- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Өңірлерден ТЖД қызметкерлерін...
"Өңірлерден ТЖД қызметкерлерін алдырып жатыр": Алматыда жойқын жер сілкінісі болатыны рас па?
Әлеуметтік желіде жер сілкінісіне байланысты түрлі хабарлама тарап жатыр. Тараған ақпараттардың бірінде өңірлерден Төтенше жағдай департаменті қызметкерлері Алматыға келе жатқаны, қалада бүгін түнде жойқын жер сілкінісі болатыны айтылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Менің туған жездем МЧС-те (Төтенше жағдайлар министрлігі - еск.) істейді. Дабыл көтеріп, оларды Алматыға келуге дайындап жатыр. Бүгін түнгі сағат 00.00 мен таңғы 6.00 аралығында қатты жер сілкінісі болады деген болжам бар дейді. Дайын отырыңдар деп маған хабарлама жазып жатыр", - дейді аудиода әйел адам.
Алматы облыстық Төтенше жағдай департаменті өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі тарап жатқан жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді сұрайды. Тек ТЖМ және ТЖД парақшаларында жарияланған ақпараттарға ғана сенулеріңізді сұраймыз. Дүрбелеңге салынбай, сабыр сақтаңыз!" - деді ведомство өкілі.
Жағдайға қалалық төтенше жағдай департемнті өкілдері де пікір білдірді.
"Алматы қаласында ТЖ күштері мен құралдарын топтастыруды күшейту жүргізіліп жатқан жоқ.
Азаматтық қорғау жүйесі штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Жалған ақпарат тарату үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған!" - деп ескертті ведомство өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда 5 балл жер сілкінісі болғаны хабарланды.
Жер сілкінісі кезінде не істеу керек?
Алматы әкімі Ерболат Досаев жер сілкінісі бойынша жедел штаб жиналысын өткізді. Алматыда тағы да жер сілкінісінің афтершогы қайталану қаупі бары да хабарланды. Бұл туралы қалалық ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев мәлімдеді.
Сондай-ақ, жер сілкінісіне байланысты мектеп оқушылары мен студенттер сабақтан босатылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова