Шығыс Қазақстанда су тасқынының екінші толқыны басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазақстан" арнасына сілтеме жасап.
Бұл туралы облыстық ТЖД өкілі Дина Бексұлтанова айтты.
"Аймақтың солтүстік шығыс және шығыс бөлігіне қауіп бар", - деді ол.
Қазір жағдай бақылауда. Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар тәулік бойы тасқынға байланысты мониторинг жүргізіп жатқанын жеткізді.
Ал Солтүстік Қазақстан облысында қызыл судан зардап шеккендерге өтемақы төлеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Қоғамдық штабтың мүшесі азаматтарға құжат жинауға барынша көмек көрсетіліп жатыр.
Жайықтың Бөрлі ауданындағы су деңгейі 10 метрге жетті.
Ондағы су деңгейі 10 метрге дейін көтерілді. Бұл 60 мыңға жуық халқы бар аудан үшін қауіпті, сондықтан онда күн-түні тасқынмен күрес жұмыстары жүріп жатыр.
Облыс бойынша 23 тасжолды су шайды. Салдарынан 9 елдімекенге көлік қатынасы жоқ.
Петропавлда мектептерде орналасқан эвакуациялық пункттер жабылады.
Келер аптадан білім ошақтары офлайн форматқа ауысады. Сондықтан спорт залдарын босату қажет. Онда тұрып жатқан азаматтар жатақханаға көшіріле бастады.
Ақмола облысында тасқыннан зардап шеккен аймақтарда тұратын 18 оқушы лагерьде демалып жатыр.
Есіл ауданына қарасты бірнеше ауылдан келген бүлдіршіндер Зерендідегі демалыс орнында тоғыз күн болады. Ал мектеп бағдарламасын қашықтан оқиды. Лагерьде балалар ға қажетті барлық жағдай жасалған. Олар киім-кешек, оқуға қажетті құралдармен толық қамтамасыз етілген.
Тәлімгерлер оқушылардың бос уақыты тиімді және қызықты өтуі үшін күн сайын мәдени және спорттық шаралар ұйымдастырады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!