Өңірлерде су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Осыған орай Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтар психологиялық, ақпараттық көмек алу үшін қайда хабарласуы керек екенін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Психологиялық және ақпараттық қолдау және көмек көрсету үшін еліміздің 6 өңірінде тәулік бойы ТЖМ "жедел желі" телефондары жұмыс істеп тұр.
Еске салайық, бұған дейін заңгер үйі су тасқыны салдарынан суға кетсе, азаматтар не істеу керек екені жөнінде кеңес берді.
"Әлеуметтік көмек көрсету бойынша 50 АЕК мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі, бұл 184 600 теңгеге тең. Ол үшін әкімдікке немесе ауылдық округ әкіміне келтірілген залал фактісін растайтын өтінішпен және құжаттармен (ТЖ органдарының анықтамасымен) жүгіну қажет", - дейді заңгер.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!