Өңірлерде ауыс-түйіс жүріп жатыр: Қарағанды облысына да жаңа прокурор келді

Өңірлерде ауыс-түйіс жүріп жатыр: Қарағанды облысына да жаңа прокурор келді
Фото: t.me/GenPr/13295

Қарағанды облысына жаңа прокурор келді. Мемлекет басшысының келісімімен және Бас прокурордың бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Мұрат Тілеубердиев Қарағанды облысының прокуроры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мұрат Тілеубердиев еңбек жолын Алматы қаласы Бостандық ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған.

Әр жылдары Алматы қаласы Әуезов және Алмалы аудандарының прокуроры, Алматы қаласы прокурорының орынбасары, Бас прокуратураның Кадрлық жұмыс департаментінің бастығы болып еңбек еткен.

2023 жылы мамырда Түркістан облысының прокуроры болды. Міндетін мінсіз атқарғаны үшін Сағадат Нұрмағамбетов атындағы І және ІІ дәрежелі "Айбын" ордендерімен наградталған. Ол - прокуратураның құрметті қызметкері.  

Еске салайық, бұған дейін Жандос Әбдібаев Жамбыл облысының прокуроры болып тағайындалды. Ал Бауыржан Мырзакеров Түркістан облысының прокуроры болып тағайындалды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget