Ranking.kz басылымы әкімдердің жасы мен қызметінде қанша жыл отырғандарына қатысты зерттеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Биыл 21 шілдедегі жағдай бойынша, әкімдердің орташа жасы - 52,2. Әкімдердің ішінде ең үлкені ШҚО әкімі Даниал Ахметов. Ол 68,1 жаста. Одан кейін жаңа Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев (59,6 жаста) және Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин (58,7 жаста).
Ал ең жас әкім - республикалық маңызы бар қала Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов (40,7 жаста). Жас әкімдер қатарында Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов (43 жаста) және Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов (44,5 жаста).
Ең жас әкім Мұрат Әйтенов 38 жасында әкім болған. Ал ШҚО басшысы Ахметов қызметінде отырғанына 7,7 жыл болған (ең ұзақ мерзім).
Ең қысқа мерзім - жаңа Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлында. Ол биыл 11 шілдеде облыс әкімі болып тағайындалған еді.