“Өңір әкімдіктері не мердігер дұрыс жұмыс істемей отыр“: Бектенов Үкімет отырысында кімдерді сынады?

“Өңір әкімдіктері не мердігер дұрыс жұмыс істемей отыр“: Бектенов Үкімет отырысында кімдерді сынады?
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

13 қаңтардағы Үкімет отырысында ауызсу сапасы туралы мәселелер қаралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің сөзінше, өңір тұрғындарынан ауызсудың сапасы мен су жиі берілмей қалуына, сумен жабдықтау желілері тозуына, жөндеу жұмыстары мен іске қосу мерзімдері созылып кетуіне қатысты шағымдар түскен.

"Жақында ғана Орал және Теміртау қалаларының тұрғындары су сапасына қатысты мәселе көтерді. Жалпы былтыр сумен жабдықтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдарға 70 мыңға жуық арыз-шағым түсті. Бұл өңір әкімдіктері не мердігер, не қызмет көрсетуші ұйымдар дұрыс жұмыс жүргізбей отырғанын көрсетеді" , - деді Олжас Бектенов.

Осыған байланысты әкімдіктерге әрбір шағым бойынша тексеріс жүргізіп, міндетін адал атқармаған ұйымдарға қатаң шара қолдану тапсырылды.

"Осы бағытта жұмысты жалғастыру керек", - деді премьер-министр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget