- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Онкоуролог екі қауіпті...
Онкоуролог екі қауіпті өнімді атады
Қант пен тұзды көп мөлшерде тұтыну адам денсаулығына зиян келтіреді. Бұл жайлы онкоуролог Марк Гадзиян айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "News.ru"-ге сілтеме жасап.
Дәрігердің айтуынша, тұзды көп мөлшерде тұтыну қан тамырларда тромб түзілу қаупін арттырады, қысымды көтереді және тестостеронды азайтады.
Ал қанттың көп болуы инсулин өндірісіне әсер етеді және өзінің тестостеронын висцералдық майға айналдырып өлтіреді.
"Сондай-ақ өнімнің қаптамасынан "майсыз" немесе "құрамында майы аз" деген сөздерді көрсеңіз, бұл құрамында қанты көп жоғары өңделген өнім екенін біліңіз", - дейді онкоуролог.
Сонымен қатар ол қарапайым көмірсулар, қант, тұз және трнасмайлар – ми бұзылуына арналған жиынтық екенін ескертті.
Тестостерон – ерлер денсаулығын сақтауда маңызды рөл атқаратын гормон. Тестостеронның аз болуы ер адамның эмоциялық және физикалық жағдайына, өмір сапасына жағымсыз әсер етуі мүмкін. Ер адамда тестостерон аз екенін қалай түсінуге болады? Мына жерден оқыңыз.
А. Жапатова