Тұрақты физикалық белсенділік қатерлі ісіктің бірнеше түрінің даму қаупінің төмендеуімен байланысты екені белгілі. Шетелдік зерттеушілер 750 мыңнан астам адамның деректерін талдап, аурудың алдын алу үшін физикалық белсенділіктің қай түрі және ол қандай көлемде қажет екенін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "mail.ru" сілтеме жасап.
Зерттеуге АҚШ Ұлттық онкологиялық институтының, америкалық қатерлі ісік қоғамының және Гарвард қоғамдық денсаулық мектебінің мамандары қатысты.
Жаңартылған физикалық белсенділік туралы нұсқаулықта адамдар аптасына 2,5-5 сағат бойы орташа қарқындылықпен немесе 1,25-2,5 сағат белсенді жүктемелермен айналысуы керек делінген.
Спортпен мұндай көлемде шұғылдану онкологиялық аурулардың жеті түрінің даму қаупін азайтады. Яғни, ер адамдардағы тоқ ішек қатерлі ісігі, әйелдердегі сүт безі қатерлі ісігі, эндометрия, бүйрек, бауыр, меланома және Ходжкин емес лимфома. Физикалық белсенділіктің көлемі неғұрлым көп болса, денеде қатерлі ісіктердің пайда болу қаупі соғұрлым аз болады.
Тағы да оқи отырыңыздар: Отан қорғаушы күні неге 7 мамырда тойланады?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!