Онколог, медицина ғылымдарының кандидаты Евгений Черемушкин стресс қатерлі ісіктің дамуына қалай әсер ететінін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "NEWS.ru" сілтеме жасап.
Маманның айтуынша, стресс әртүрлі аурулардың, соның ішінде қатерлі ісіктің дамуын тудыруы мүмкін.
"Созылмалы немесе ұзаққа созылған стресс иммунитетті төмендетеді. Еске салайын, иммунитет - бұл ісік өсу әлеуеті бар жасушалардың пайда болуының алдын алатын негізгі жүйе. Сондықтан стресс қатерлі ісіктің дамуына тікелей емес, жанама түрде әсер етеді", - деп түсіндірді дәрігер.
Онколог қатерлі ісік белгілеріне салмақтың күрт төмендеуі, тез шаршау және әлсіздікті тіпті аз физикалық белсенділікті жатқызды.
Айта кетейік, бұған дейін онколог "артық салмақ қатерлі ісік қаупін арттыра ма?" деген сұраққа жауап берген болатын.
Ең алдымен, артық салмақ қатерлі ісіктің 10-нан астам түрінің пайда болу қаупімен байланысты екенін еске салған жөн. Жалпы, дене салмағын қалыпты деңгейде ұстау және темекі шегуден бас тарту - қатерлі ісік қаупін түбегейлі төмендетудің екі маңызды қадамы. Ғалымдар жүргізген зерттеу нәтижелеріне сәйкес, артық салмақ гормонға тәуелді сүт безі қатерлі ісігі, жатыр денесі, өңеш (оның белгілі бір түрі - аденокарцинома), сондай-ақ өт қабы, бауыр, ұйқы безі және аналық безі қатерлі ісігінің даму қаупін арттыратыны дәлелденген.
"Бұл жәй ғана пікір емес, бұл көптеген эпидемиологиялық зерттеу нәтижесі. Алайда бұл артық салмағы бар кез келген адам міндетті түрде қатерлі ісікке шалдығады дегенді білдірмейді. Бұл олардың қатерлі ісікке шалдығу ықтималдығы жоғары екенін көрсетеді", - деді онколог.
Тағы да оқи отырыңыздар: Айдың 4 күні туған адамдар қандай болады?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!