Кейде біз зиянсыз деп санайтын белгілер денсаулыққа қатысты елеулі проблемалардың алғашқы белгілері болуы мүмкін. Соның бірі – қыжыл.
Өміріңізде кем дегенде бір рет қыжыл болғаны анық - мысалы, мерекелік дастархан немесе белгілі бір тағамдардан кейін (қуырылған, тұзды немесе тым майлы тағамдар). Бұл жағдай табиғи құбылыс. Қыжылдан асқазанда жану сезімі, асқазан ауруы, кейде аздап жүрек айнуын сезінесіз, бірақ уақыт өте келе дәрі ішкенде немесе сағыз шайнаған кезде басылады.
Бірақ қыжыл сізді күн сайын мазалайтын болса ше? Онколог Иван Карасев өзінің телеграм-каналында мұндай симптомды елемеуге болмайтынын ескертеді.
Неліктен қыжыл пайда болады?
Қыжыл үнемі мазалай бастаса, бұл сіздің денеңіздің бұзылуының айқын симптомы. Адам тамақ ішкен кезде тамақ өңеш арқылы тікелей асқазанға түседі. Өңештің соңында тағамның тек бір бағытта өтуіне мүмкіндік беретін арнайы клапан бар. Тамақ асқазанға түскеннен кейін клапан жабылып, ас қорыту процесі басталады.
Асқазанымызда тағамның қорытылуы үшін тұз қышқылы бар. Әдетте, бұл ыңғайсыздықты тудырмайды, тамақтанғаннан кейін сізде ауырсыну немесе күйдіретін сезім болмауы керек. Бірақ қышқыл өңешке түскенде, ыңғайсыз сезімдер пайда болады?
Қыжылға қашан мән беру керек?
Майлы немесе тым ащы тағамдарды көп жеп, содан кейін жағымсыз белгілерді байқасаңыз, алаңдайтын ештеңе жоқ.
Бірақ егер сіз әдеттегі тағамды жесеңіз және қыжыл сізді аптасына бір рет немесе күнде мазалайтын болса, тексеруден өткен жөн. Дәрігер гастроскопияға баруды ұсынады: бұл процедура жағымсыз құбылыстың себебін тиімді анықтауға көмектеседі.
Көбінесе қыжыл клапанның ақауын көрсетеді. Ол сондай-ақ мына аурулар себенінен де болуы мүмкін:
• гастрит, ойық жараның бірінші симптомы;
• асқазанның қышқылдығымен байланысты мәселелерді көрсетеді;
• асқазандағы ісік процестерін көрсетеді.