- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Онколог қуықасты безі...
Онколог қуықасты безі қатерлі ісігінің байқалмайтын белгісін атады
Қуықасты безі обырының білінбейтін симптомы бар ма? Онкоуролог Денис Алтунин аурудың денсаулыққа қаупі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Mail.ru-ға сілтеме жасады.
I сатыдағы жергілікті қуықасты безінің қатерлі ісігі - қуықасты безінің шамалы ұлғаюы, кейде зәр шығару кезінде ауырсынуы, ашуы. Аурудың диагнозы көбінесе зәр шығару, дефекация процесі, эрекция бұзылады, бел аймағында, сүйектерде ауырсыну секілді айқын белгілер пайда болған кезде, яғни III-IV сатыда қойылады.
Қуықасты безінің қатерлі ісігі баяу дамиды, безде қалады және бастапқыда симптомдар тудырмайды. Бұл процесс бірнеше айға, тіпті бірнеше жылға созылуы мүмкін.
Бірте-бірте ісік мөлшері ұлғаяды, көрші органдарға өтеді, лимфа түйіндеріне метастаз береді және улы заттарды көбірек шығарады.
Сондықтан проблемаға уақытында назар аударып, емдеуді бастау өте маңызды. Қуықасты безі обыры бастапқы сатысында ғана жақсы емделеді.
Қуықасты безі обыры ер адамдар ең жиі шалдығатын онкологиялық ауру түрі, екінші орында - өкпе обыры.
Осыған байланысты ер адамдарға 40 жастан бастап жыл сайын тексерілуге (ПТА талдауын тапсыруға) кеңес беріледі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә