- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Онколог көз қатерлі...
Онколог көз қатерлі ісігінің айқын емес белгілерін атады
Көздің қызаруы, көз қарашығының үлкеюі, көздің алдыңғы бөлігінде ұйыған қанның пайда болуы, көз торының қатпарлануы және көздің тез шаршауы көз қатерлі ісігінің белгілері болуы мүмкін. Бұл жайлы онколог Антон Иванов "Gazeta.ru"-ге айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, көз онкологиялық ауруының белгілері қатерлі ісік түріне қарай әртүрлі болады. Мысалы, көздің нұрлы қабығы түсінің өзгеруі, оның бетінде дақтар мен түйіншектердің пайда болуы нұрлы қабықтың зақымдалуын білдіруі мүмкін. Қабақ тұсындағы қатерлі ісікті қан аққан түйіншектердің пайда болуы, ал қабақ меланомасына көз алдында еселену және нұрлы қабықта қара дақтың пайда болуы тән.
Дәрігер көздің онкологиялық аурулары кезінде ол ұзаққа дейін еш белгі бермейтінін айтты. Қатерлі ісіктің айқын белгілері жиі соңғы кезеңдерде байқалады.
Онколог мұндай аурулардың пайда болуының бірнеше себебін айта кетті.
"Көз қатерлі ісігінің пайда болуының себептері қолайсыз экологиялық жағдай, радиоактивті заттардың шығуы, тұқымқуалаушылық бейімділік, ультракүлгін сәулеленудің жағымсыз әсері, АИТВ инфекциясы, тамақтану өнімдеріндегі канцерогенді заттар және сапасыз косметикамен байланысты", - дейді Антон Иванов.
Оқи отырыңыз: Көз шаршағанда не істеу керек?
А. Жапатова