Денсаулық сақтау министрлігінің бас онкологы Диляра Қайдарова Қазақстанның қай өңірінде онкологиялық ауру көп кездесетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қайдарова бұл туралы Үкімет отырысының кулуарларында айтты.
"Бірінші орында - Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары. Бұл өңірлерде өкпе обыры және сүт безі обыры жиі кездеседі", - дейді онколог.
Оның сөзінше, бұл өңірлердегі экологиялық факторлармен байланысты.
"Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында халық тұрақты және жасы келген адамдар. Ауру 50 жастан кейін өрши бастайды. Шығыс Қазақстан облысында Өскемен мен Семейде көп. Бірақ ол жерде кәсіпорындар жетерлік. Абай облысында полигон, ол жерде аурулар тұқым қуалайды, яғни ядролық қару сыналған кезден бері бар. Алматыда урбанизация салдарынан көп. Бұл қала онкологиялық аурулар рейтингінде бесінші орында", - деп түсіндірді Диляра Қайдарова.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!