Онкологиялық хирург-дәрігер Лори Альфонс қатерлі ісіктің алдын алуға көмектесетін кешкі ас түрін бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "HuffPost" сілтеме жасап.
Дәрігердің айтуынша, ақсерке және сірке суы, май және натрийі аз тұзы қосылған жасыл салат өте пайдалы кешкі ас түрі. Гарнир ретінде сарапшы қаймақ қосылып, пісірілген кішкене картопты таңдайды.
"Бұл тағам "өлтіру немесе өсу" қағидасы бойынша дайындалады", - деп түсіндірді сарапшы.
Яғни, бұл қағида бойынша, өлтіру - сиыр, тауық, балық еті болса; өсу - жемістер мен көкөністер. Зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, омега-3 май қышқылдары бар диета қатерлі ісік қаупін азайтуға көмектеседі, өйткені ол созылмалы қабынудың алдын алады.
Ақсерке құрамында магний бар, ол қатерлі ісіктің алдын алуға да пайдалы. Ал салатқа келетін болсақ, көкөніс, жеміс және дәнді дақылдарға бай диета онкологияның даму қаупін азайтуға көмектеседі, өйткені бұл тағамдар қатерлі ісік торларының өсуін бәсеңдететін фитохимиялық затқа бай.
Картоп - қалыпты мөлшерде пайдалы көкөніс, қоректік заттарға бай тағам, көмірсу, талшық, калий және темірдің жақсы көзі. Сонымен қатар, Лори Альфонс диетадағы ақуызға басымдық беруді ұсынды.
"Диетада ақуызды көбейтіп, оны көмірсумен бірге тұтынуға тырысу", - деді маман.
Тағы да оқи отырыңыздар: Айдың 19 күні туған адамдар қандай болады?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз