Бұл белгілер міндетті түрде қатерлі ісік ауруын көрсетпейді. Сонымен қатар, ерте кезеңдерде қатерлі ісік қандай да бір түрде белгі бермейді.
Онколог, хирург Иван Карасев елемеуге болмайтын алты симптом туралы ескертті. Олар әртүрлі аурудың хабаршысы болуы мүмкін.
1. Ауырсыну
Егер дененің белгілі бір бөлігі ауырса, ол ағзаның осы аймаққа назар аударатынын білдіреді. Ал егер ол үнемі және қатты ауырса, бұл дәрігерге барудың себебі. Мысалы, бас ауруы қалыпты саналады. Егер де дәрі ішкеннен кейін бірнеше сағатқа қойып, кейін қайтадан бас ауыратын болса бұл белгі.
2. Ешқандай себепсіз кенеттен салмақ тастау
Мысалы, сіз диета ұстамасаңыз да және жаттығу залына бармасаңыз да бір айда ешқандай себепсіз салмақ тастасаңыз.
3. Бір нәрсені ұзақ уақыт емдесе де кетпеуі
Бір ауру ұзақ уақыт бойы емделсе де кетпеуі мүмкін. Бұл, мысалы, бір айға, одан да көп уақытқа созылатын жөтел немесе дәрілік терапияға жауап бермейтін анемия. Болмаса дәрі қабылдағаныңызға қарамастан, сізді мазалайтын асқазан жарасы.
4. Дене температурасының көтерілуі
Өздігінен көтерілген мұндай температура онкологияны тікелей көрсетпейді. Бірақ термометрдегі әдеттен тыс көрсеткіштер дененің бір жерінде қабыну бар екенін білдіреді.
5. Асқорыту жолдарының жұмысындағы өзгерістер
Іш қату немесе диарея денедегі белгіні білдіреді. Сондай-ақ, алаңдатарлық белгілердің бірі нәжісте қанның пайда болуы, оның пішінінің өзгеруі.
Айта кетейік, бұған дейін онколог алақанға қарап қатерлі ісікті анықтайтын бес белгіні атаған болатын.