- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Өнерлі Төреш, ақылды...
"Өнерлі Төреш, ақылды Төреш, әрине тентек Төреш". Төреғали бала арманы туралы айтты
Танымал әнші Төреғали Төреәлі балалық шағы өткен жерге барып, өзінің бала арманы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Әркімнің туған жері Мысырмен тең! Оқушы Төрештің қандай болғанын мектебімдегілерден басқасы біле бермесі анық. Өнерлі Төреш, ақылды Төреш, әрине тентек Төреш. Қызық па?", - деп жазды әнші.
Төреғали Төреәлі өзінің балалық шағы өткен мектепке барып, бала арманы мен ұстаздарын да еске алды.
"Кішкентай Төреш оқушы кезінде көп армандайтын. Өскенде ақын болам, олимпиада чемпионы боламын дейтін. Төрешке сол кезде көпшіліктің сене қоймағаны анық. Тіпті, бастауыш сыныпта оқып жүргенде "Балшекер апайыма, мен сізге өскенде шуба кигіземін" деп айтқаным есімде. Сыныптастарым күлді. Иә, ол кезде шуба атаулысы анашымда жоқ, сондағысы бала арман-ниетім екен", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева