- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Өнеркәсіп министрлігі қазақстандықтарға...
Өнеркәсіп министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады
Белгісіз біреулер WhatsApp және Telegram қосымшаларында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі басшылығының атынан түрлі мазмұндағы жалған хабарламалар таратып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.
"ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мессенджерлерде кейінгі күндері министрлік басшылығының атынан тараған әртүрлі мазмұндағы хабарламалар көбейгенін хабарлайды.
Алаяқтардың айла-амалдары мен манипуляциясына бой алдырмауға және хабарлама авторының байланыс деректерін, сондай-ақ, басқа да ақпаратты тексеріп отыруларыңызды сұраймыз", - деп ескертеді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек