- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Өнерге оралмаймын“ дегенмін...
“Өнерге оралмаймын“ дегенмін - Наркенже Серікбаева
Әнші Наркенже Серікбаева "Уақыт TV" youtube-арнасына берген сұхбатында жолдасының қазасынан соң өнерге оралуына кім себепкер болғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, анасының көңілі үшін өнерге қайта оралған.
"Жолдасым өмірден өткеннен кейін "өнерге оралмаймын" дегенмін, соған қанша ұмтылдым. Бірақ анамның көңілі үшін қайта өнерге оралдым. Сол кезде жаным тынышталды. Біраз уайымды азайтты. Анам дүниеден өтті. Қазір мүлдем артыма қарамаймын", - деді әнші.
Сондай-ақ, өнер иесі ер мен әйелдің теңдігі туралы пікірін білдірді.
"Ер мен әйел тең деген пікірге мүлдем қосылмаймын. Жолдасым болмаған соң бәріне жүгіріп жүргеніме қарап, бәрі "неге бұлай сөйлеп отыр" деп ойлап қалатын шығар. Бірақ менікі де дұрыс емес. Әйелмін бе - әйел болып отыруым керек. "Сені алақаныма салып отырайыншы" дейтін ер-азамат болмағаннан кейін мен де осылай жүрмін. Дегенмен, әйел өз рөлінде болуы керек. Көпшілік маған ренжитін болар. Кезінде әкелеріміз жұмысқа кетіп, аналарымыз үйде болды. Сондай өмірді мен қалаймын. Ер-азаматтың бағасын түсіріп жібердік", - деді ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жайыққызы