Танымал әнші Бейбіт Қорған өнерде "дос" деген ұғым жоқ екенін жеткізді. Өнерпаз бұл туралы 1001 түн бағдарламасына берген сұхбатта айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бейбіт Қорғанның айтуынша, өнердегі достық қарым-қатынасқа көбіне көреалмаушылық себеп болатынын жеткізді.
"Менің ойымша, өнерде дос деген жоқ сияқты. Достықты көрсететіндер көп шығар, мүмкін. Менде өнерде дос жоқ, тек әріптестер ғана бар. Бәріміз адам баласымыз, ешкім өнер адамы болып жаралмайды. Адам баласы болып өмірге келгеннен кейін іштарлық пен көреалмаушылық болады. Қолдап жіберудің орнына артқа тартатындар да болады. Сондайлығы болмағандар ғана жақсы биіктікке жетеді деп ойлаймын. Сахнаны қызғанбаймын, өйткені сахна тек менікі емес", - дейді Бейбіт Қорған.
Ал желі қолданушылары эстрада жұлдызының сөзін қолдап түрлі пікір қалдырды.
"Өмірде де дос жоқ қой", "Нағыз жігіт", "Келісемін", "Мықты жігіт", "Ақылы тоқтап, абырой-атақ деп арын сатпаған жігіт", "Апам айтқан еді марқұм, дос тек 1 -2 ғана, қалғаны таныс, сыйлас дейтін", "Ашық,анық айтып отыр. Оны қазбалап сұрай бергеннен нәтиже болмас,дұрыс,шынын айтып отыр ғой" - деп жазды олар.
Айта кетейік, бұған дейін әншінің басы дауға қалған еді. Атыраулық Нұргүл Зиханова 5 жыл бұрын Бейбіт Қорғанмен көңіл жарастырғанын, өнерпаздан 4 жасар баласы бар екенін айтқан еді. Толығырақ білу үшін сілтемеге өтіңіз.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз