- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Өнер сатылмайды!" Саябақта...
"Өнер сатылмайды!" Саябақта суретшімен ренжіскен қыз бен жігітінің видеосы желіні шулатты
Саябақта карикатура салатын суретшінің суретін ұнатпай жігітін шақырып шу шығарған қыздың видеосы әлеуметтік желіде танымалдылыққа ие болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Саябақта карикатура салатын суретшілерді жиі кездестіруге болады. Адамның портретін әзілмен суреттейтін жанрды меңгерген суретшіге суретін салғызып, әңгімелесіп, соңынан салынған суретті ұнатпай, "мұны сүйіктіме сыйлайтын едім, мен әдемімін, бірақ сіз менің сұлулығымды құрттыңыз" деп жігітін шақыртқан қыздың видеосы әлеуметтік желіде таралып, түрлі пікір туғызды.
Видео соңында қыз бен жігіт бұл әрекетінің әлеуметтік эксперимент екенін айтып, суретшіден кешірім сұрады. Суретші өнерінің дұрыс бағаланбағанына шынымен ренжіп, көңіліне алып қалған сияқты. Әлеуметтік эксперимент жасаған жігіт "Өнер сатылмайды, өнер бағалануы керек" деп суретшінің көңілін аулауға тырысты.
"Аға өте салмақты екен, басқа біреу болса "кет-ей" деп мінез көрсетер ме еді", "Қандай жақсы кісі, суретті әдемі салады екен" деп пікір білдіріп жатқандарға суретшінің мінезі де, өнері де ұнаған сияқты.
Желідегі оқырмандар суретшіні танып та жатыр. "Әміржан Қазиев - қазақ өнерінің нағыз майталманы! Ғұмыры ұзақ болсын Ағамыздың, қолыңыз дерт көрмесін!" деп жазып, суретшіні танып, жылы пікір білдіріп жатқандар да бар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Ибраева