Әз Наурыз мерекесі аясындағы "Шаңырақ" күніне орай Тараз қаласындағы "Анаға тазым" отбасын қолдау орталығында "Өнегелі отбасы – ел тірегі" атты іс-шара өтті.
Отбасылық құндылықтарды дәріптеген, өнегелі ұрпақ тәрбиелеген үлгілі жанұялардың өмірін, жарасымдылығын, тату-тәтті ғұмырын жастарға үлгі етуді мақсат тұтқан шараға жарты ғасырлық "алтын тойға" жеткен белгілі журналист және қоғам қайраткері Жаңабай Миллионов пен жұбайы Күлбағира Жақсыбаева, бір шаңырақ астында 42 жыл ғұмыр кешіп келе жатқан Қазақстанның Құрметті журналисі Бекет Момынқұл мен жары Айгүл Сәрсенбайқызы және 25 жылдық «күміс тойдың» иелері К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы директорының орынбасары, әнші, сазгер, ҚР Мәдениет саласының үздігі Жандос Омаров мен аяулы жары Лаура Сейіталиева арнайы шақырылды.
Тағылымға толы кездесу барысында қонақтар өздерінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, түрлі сұрақтарға жауап берді.
Кеш соңы "Анаға тағзым" орталығының өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.
Жамбыл облысы әкімдігі ұсынған материал
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!