- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ондай адамдар салада...
Ондай адамдар салада жұмыс істемеуі керек - министр Шәріпханов жемқорлық күдігімен ұсталған экс-әріптесі туралы
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов жемқорлық күдігімен ұсталған экс-орынбасары қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үкіметтің баспасөз орталығында журналист министрге "Бұған дейін Көкшетауда бірге жұмыс істеген Ислам Ерназар атты қызметкерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұстағаны туралы БАҚ-та ақпарат шықты. Сондай-ақ бұрынғы орынбасарыңыз Ерлан Бекенов ұсталған еді. Бұған қатысты пікір білдіре аласыз ба?" деп сұрақ қойды.
Сырым Шәріпханов салада жемқорлықпен күресіп жатқанын жеткізді.
"Иә, осындай фактілер бар, жұмыс істеп жатырмыз. Оның ішінде сыбайлас жеморлыққа қарсы қызметпен де жұмыс істейміз. Бұл бағытта біз өте ашықпыз. Біздің өтініштеріміз бойынша өте сапалы жұмыс істеп жатқан сыбайлас жемқорлық қызметінің басшылығына алғыс айтамыз.
Сіз айтқан Ислам Ерназар азаматтық қорғаныс академиясында жұмыс істейді. Мен ол адамды жазғыра қараймын. Бірақ маман ретінде жақсы санатта болған. Оның мұндай қадамға барғаны мен үшін күтпеген жайт болды.
Екінші жағдайға тоқталайын. Ерлан Бекенов та заңға қайшы әрекетке барды. Ол үшін жауапкершілік арқалады. Біз жүйедегі жемқорлыққа қарсымыз. Бұл тұрғыда жемқорлық фактілеріне жол бермей және алдын алу бағытында белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Ондай адамдар біздің жүйеде қызмет атқармауы керек. Біз ондай фактілерді тамырымен жоямыз", - деді басшы.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина