Оңдасын Оразалин Ақтөбе облысының әкімі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Оңдасын Сейілұлы Оразалин Ақтөбе облысының әкімі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Оңдасын Оразалин 2019 жылы ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалған болатын.
Оңдасын Оразалин 1963 жылы 6 қарашада Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 1985 жылы Ақтөбе педагогикалық институтын ағылшын тілі мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. 1991 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін "құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.
Ол Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімі (2000-2003), Ақтөбе облыстық сыртқы экономикалық байланыстар және инвестициялар бөлімінің бастығы (2003-2004), Ақтөбе облысының ішкі саясат департаментінің директоры (2004-2005), Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары (2005-2006) болған.
Ал 2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалған.
Ол 2019 жылғы ақпанда Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!