Танымал әнші, актриса Жанар Айжанова оқыс оқиғаға қалай тап болғанын баяндап берді. Ол туралы өнерпаз Adal Adam бағдарламасына берген сұхбатта айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнерпаздың айтуынша, ол 2023 жылы желтоқсан айында жол-көлік оқиғасына тап болған.
"Жаңа жылдың алдында жол-көлік оқиғасына түстім. Жақсы адамдарға жолықтыршы – деп тілейтінмін. Сол оқиғада жақсы адамдарға тап болдым. Менде барынша өзімінің тарапымнан іс-әрекеттерімді жасадым, өзімде оңбай жарақат алдым. Бұл жерде мейірім жеңді. Мейірімнің арқасында жол-көлік оқиғасына тап болсақта, бір-бірімізді кешірдік. Сондағы айтатыным біз зұлымдықпен ештеңені жеңе алмаймыз. Қайдан келдік, қайда барамыз соны ұмытып кеттік. Қазіргі заман, аяғы аспанға қараған заман болып тұр. Қазір біреу жалаңаштанып, хайп жасаса ертесі лидер деген әйелдердің ортасында жүреді. Қазіргі заманда, мына біздің заманда жақсы адам болу өте қиын", - дейді Жанар Айжанова.
Сондай-ақ, ол жас әншілердің іс-әрекетіне шүйлікті.
"Бұрын әнші болу өте қиын еді. Қазіргідей ақпараттық құралдар жоқ. Үйде отырып-ақ, бір ән айтып, ертесі бағдарламаларда жүреді. Барлығы хит болып жатыр. Ол әнші болуға жүрыс емес. Себебі біріншіден ұстаздыңалдынан өтпеген, екіншіден коллектив көрмеген. Коллективте сен үлкенді тыңдайсың, оның әңгімесін тыңдайсың. Біз солай тәрбиелендік. Қиыншылық көрмей, дайын асқа, тік қасық болып келіп қалған балалар хайп жасауы мүмкін. Алған үйін, көлігін түсіреді. Сол үшінде өз еңбегімен барлығына жеткен шынымен Қазақстанның халық әртістеріне күйе жағылады", - дейді актриса.
Айта кетейік, бұған дейін халық әртісінің өзіне 5 жас кіші жігіт сөз айтып, ұсыныс білдіргені туралы жазғанг едік. Ол туралы толығырақ сілтемеге өтіп оқи аласыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!