- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Оңайға соққан жоқ"....
"Оңайға соққан жоқ". Шымкенттік әйел 18 жылдан соң ана атанды
Яна Алехина 18 жыл бойы құрсақ көтере алмаған еді. Ана болуды аңсаған 42 жастағы әйел жасанды ұрықтандырудың көмегіне жүгінген. Осылайша ол бүгінде көптен күткен қызы Дарияның анасы атанып, сол бір қиын кезеңнің артта қалғанына қуанышты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
"Маған "ана" атану оңайға соққан жоқ. Бұл жолда көптеген қиындық көрдім. Дегенмен ол соған тұрарлықтай болды. Қазір қасымда кішкентай қызым бар. Мен Шымкенттегі репродуктивті медицина институтына алғысымды айтамын. Босануым жеңіл өтті. Дария 52 см, 3300 келі салмақта дүниеге келген еді", - деді Яна Алехина.
Жасанды ұрықтандыру кей отбасылар үшін ата-ана атанудың жалғыз жолы болып қала бермек. Жыл сайын репродуктивті медицина институтында "Аңсаған сәби" Президенттік бағдарламасы негізінде 1000-нан астам жасанды ұрықтандыру жұмысы жүзеге асады.
"Бізде осы күнге дейін 3 500 ЭКҰ бағдарламасы жүргізілді. Оның ішінде "Аңсаған сәби" бағдарламасы бойынша, квота бойынша және де ақылы түрде де жүргізілген бағдарламалар бар. Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша 750 тірі туған балаларымыз бар. Ішінде үшем де, егіз де, ұлы да, қызы да бар. Аллаға шүкір", - дейді IRM Clinic клиникасы репродуктология бөлімшесінің меңгерушісі Әсел Есенқұлова.
Мамандардың сөзінше, Қазақстаннан ғана емес, Өзбекстаннан, Тәжікстаннан, Түркиядан, Египеттен те емделушілер келеді екен.
"Бүгінге дейін клиникамызда көптеген бала дүниеге келді. Пациенттер бізге ақылы түрде және квотамен де келе алады. Бедеулік бұл қорқынышты диагноз емес. Біздің клиникамыз бен біздің дәрігерлер әр әйелдің ана атануы үшін бәрін жасайды", - дейді Шымкент репродуктивті медицина институтының медициналық директоры Диана Есіркепова.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан