Жуырда әкімдік 1 тамыздан бастап Алматыда жол ақысы қымбаттайтыны туралы қаулы шығарған болатын. Алматы көшелерінен тұрғындардың "Оңай" картасын іздеп жүргенін байқауға болады. Осы орайда біз "Оңай" картасын қай жерден сатып алуға болатынын айтуды жөн санадық.
Ол үшін ең әуелі ұялы телефоныңызға CityBus бағдарламасын жүктеп алыңыз. Жүктеген соң, бағдарламаның ішіне кіріп, "сатылым нүктелері" (продажные точки) бөлімін таңдап, өзіңіз тұрған аймақтың сатылым нүктелерін таба аласыз. "Оңай" картасы "Караван" дүңгіршектерінде сатылады. Бағасы – 400 теңге.
Жаңа жүйеге сәйкес енді жолаушылар бір мәрте жол жүрісі үшін қолма-қол ақша төлесе, 150 теңге, ал егер «Оңай» картасымен болса 80 теңге береді. Айлық жол жүру билеті мен жеңілдіктер де сақталады. Сондай-ақ, метроның бағасы да өзгеріссіз, 80 теңге болып қалады.
Бүгіннен бастап толық күшіне енген жаңа бастама аясында қала тұрғындары жаппай "Оңай" картасын сатып алуда. 150 теңге тек «Оңай» картасы жоқ туристер мен қала қонақтары үшін бекітілетін болады.