Танымал әнші Медеу Арынбаев "Динамен дұрыс" бағдарламасында денсаулығы нашарлаған кезін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, бірнеше жыл дәрінің көмегімен жүрген.
"Осыдан төрт жыл алдын ота жасалды ғой. 2019 жылы. Он сағаттық ота. 2000 жылдан бастап эпилепсияның бастамасы (диагнозы қойылды - еск.), ес жоғалту, тіресіп қалу, баста, мида қанның ұйып қалуы. 93 жылы ресторанда үш қазақтың қарагөз балдары теуіп кетуі ме екен?! Жеті жылдан кейін сыр берді. Ол 50-де 50. Мүмкін соққыдан кейін, мүмкін тума. 2000 жылы бір симптомдар пайда болды. Бастапқы кезде көктемде, күзде болушы еді. Уақыт келе екі-үш айда бір қайталану пайда болды. Сахнада ұстап қалу, төрт рет қаланың ішінде көлік айдап, көлік қақтығысына алып келу, ол да болды. Есімде қалғаны, опера театрында ең жауапты айтып тұрған әнімде сіресіп қалдым. Сахнадан мені алып кеткені бар. Содан мен қара тізімге түсіп қалдым деген күдік бар. Төрт жарым жыл болды, ешқандай қайталану жоқ. Денсаулығым орынды. ...Он сегіз жыл дәрі-дәрмекпен келген адаммын. Сүйікті жарымның көкейінде қалған уайымы да сол болып кетті", - дейді өнер иесі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз