Көкшетау тұрғыны көлігін заңдастырған он мыңыншы адам болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ведомство мәліметінше, 31 жастағы Азамат Еслямбеков Honda Odyssey маркалы көлігін Армениядан алып келген. Бүгін ер адам көлігін заңдастырып, қазақстандық техпаспортты, сондай-ақ мемлекеттік нөмірлік белгіні алды.
Айта кетейік, заңдастыру 2023 жылғы 1 шілдеге дейін жалғасады. Өтінім беру тәсілдері: eGov.kz үкімет порталы арқылы; екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы; ХҚКО арқылы. Ереже бойынша автокөлік Қазақстанға 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінуі тиіс, қылмыстық есепте болмауы керек, басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы қажет. Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автокөлік кедендік тазартудан өтуі тиіс.
Еске салайық, бұған дейін ІІМ өкілі алаяқтық жолмен көлік заңдастырғысы келетіндер туралы айтқан болатын. Сондай-ақ, Қазақстанда қанша шетелдік көлік заңдастырылғаны белгілі болды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!