- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Он келі тастадым"....
"Он келі тастадым". "Велик мінген мейірбике" құпиясын бөлісті
Қызылордалық Гүлсана Сағындықованы білетіндер "велик мінген мейірбике" деп атайды. Өйткені кейіпкеріміздің үй мен жұмыс арасын қос дөңгелекті көлікпен жалғап жүргеніне он жылдан асты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қаланың Әл-Фараби бөлігінен Тасбөгет кентіне дейін тым ұзақ. Шамамен 20-25 шақырым. Осы аралықты Гүлсана велосипедімен бір сағат шамасында жүріп өтеді екен.
Ол - Тасбөгет кентіндегі №4 қалалық емхананың аймақтық мейірбикесі. Он бес жылдық еңбек жолының он жылында "шайтан арбамен" жолдың шаңын шығарып жүр.
"Таңғы сағат алтыда үйден шығып, жетіге бес-он минут қалғанда емханаға жетемін. Күніне төрт-бес көше аралап шығамын. Тұрғындардың денсаулығын бақылап, керегінше көмектесем", - дейді мейірбике.
Кейіпкеріміз жолдасы екеуі төрт бала тәрбиелеп отыр. Екі аяқты көліктің тиімділігі, жолақыдан үнемделген қаржыны отбасының игілігіне жұмсап үйренді. Екінші бір пайдасы, артық салмақтан арылуына көмектесті. Соңғы екі ай ішінде он келі тастапты.
"Он жылда екі-ақ велосипед ауыстырдым. Алғашқысын марқұм атам 20 мың теңгеге сатып әперді. Жұмыс бабымен үй-үйді аралау қиын екенін айтқанымда "саған осы дұрыс" деді. Екіншісін 85 мың теңгеге өзім алдым", - дейді Гүлсана.
Оны жауын-шашын кезінде, қыстың күндері ғана теппейді. Қалған уақытта сенімді серігі.
Назерке Саниязова
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Қ. Әбілдәқызы