Невролог Ұлжалғас Сманова өзінің инстаграм парақшасында ұйқы безін емдейтін өнімдерді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ұйқы безінің негізгі қызметі - тағамды ағзаға жақсы сіңдіретін майларды, ақуыздарды және көмірсуларды ыдырату. Салмағы бар-жоғы 70-80 г болса да, ол күніне 2 л сөл бөліп, бүкіл зат алмасуға (қан мен бауырды тазалау, ас қорыту) белсенді қатысады", - дейді Ұлжалғас Сманова.
Дәрігер мына нәрселер ұйқы безін асқындыратынын айтты:
Егер өзіңізден мына белгілерді байқасаңыз, дәрігерге көрініңіз:
Дәрігер Ұлжалғас Сманова ұйқы безін емдеу үшін мына өнімдерді жеуге кеңес берді:
Аскөк дәні
1 шай қасық аскөк дәнін 200 мл қайнаған суға салыңыз. Ыдыстың қақпағын жауып, тұндырып қойыңыз. Шамамен 1 сағаттан кейін дайын тұнбаны бір жұтымнан күні бойы ішіңіз.
Лимон мен сарымсақ
Бізге 2-3 дана лимон, 3 бас сарымсақ, 100 г ақжелкен қажет. Алдымен тазалап жуып, блендермен ұсақтаңыз. Қоспаны шыны ыдысқа салып, тоңазытқышқа қойыңыз. Дайын қоспаны тамақ ішерден 15 минут бұрын қабылдаңыз. Ұзақтығы - 3ай. 2 ай үзіліс жасап, қажет болса, емді жалғастырасыз.
Қарақұмық
1 стақан қарақұмық жармасына 0,5 л ешкінің сүтінен ұйытылған айран құясыз. Қақпағын жауып, түнге қалдырасыз. Жібіген қарақұмықты таңғы асқа 10 күн бойы жейсіз. Осы уақыт өткенде емді тоқтатасыз. Қажет болса, араға 10 күн салып, емді қайталаңыз. Оны айранның орнына суға жібітсе де болады.
Ашығу
Аптасына 1 рет ашығуға болады. Бұл - ұйқы безіне таптырмайтын ем. Жүкті немесе емізулі аналар, балалар, созылмалы аурулары барларға ашығуға болмайды.
Ескерту: бұл емдік әдістерді қолданбас бұрын дәрігеріңізбен кеңесіңіз.