А гепатит вирусы немесе Боткин ауруы – бауыр жасушалары зақымдалатын жедел инфекциялық ауру. А гепатитінің белгілері қандай және ол қалай жұғады?
А гепатиті қалай жұғады?
Ол ластанған заттар және азық-түліктер арқылы жұғады. Мысалы, ол науқас қолданған ыдыс-аяқ, киім, ойыншық, жеке заттар болуы мүмкін. Сондай-ақ ол ластанған су, жеке гигиенаны сақтамау және жыныстық қатынастың кей түрлері арқылы берілуі мүмкін.
А гепатитінің белгілері
А гепатитін қан, зәр анализі және УДЗ арқылы анықтайды. Сондай-ақ молекулярлық-генетикалық зерттеу жасайды. Ауруды жиі IgG және IgM антиденелеріне тест тапсыру арқылы да жиі анықтайды.
А гепатитінің жасырын белгілері қандай?
Кей адамдарда бұл ауру еш белгісіз өтуі немесе әлсіз білінуі мүмкін. Адам бұл ауруды жұқтырғанын байқамауы мүмкін. Мысалы, адамда дене температусы мен тері түсі қалыпты болуы мүмкін.
Кей жағдайда адамдардың буыны ауырады, бауыры үлкейген болуы мүмкін. Кей адамдарда іш қату пайда болуы мүмкін. Ал кей науқастардың терісі қышиды. Сондай-ақ теріде дақтар немесе бөртпе пайда болуы мүмкін.
А гепатитін жұқтырып алмас үшін не істеу керек?
Ең алдымен жеке гигиена ережелерін сақтау қажет: әр су және тамақ ішерде, даладан кірген кезде, әжетханадан шыққан соң қолыңызды жуыңыз. Таза су ішіңіз. Көкөністер, жемістер мен жидектер жеңіз.
Алғашқы белгілер байқалған кезде өздігінен емделуге болмайды, міндетті түрде дәрігерге қаралу керек. Сондай-ақ А гепатитінен екпе алу жайлы дәрігермен ақылдасуға болады.
Оқи отырыңыз: Дәрігер бауыр қатерлі ісігінің бастапқы сатысында білінетін 3 белгісін атады