Алматыда дәрігерлер сколиозды түзетудің бірегей операциясын аяқтап, маңызды медициналық жетістікке жетті. Сколиоздың ауыр түріне тап болған науқастың омыртқасы 140 градусқа қисайған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" арнасына сілтеме жасап.
Ауру туа біткен және идиопатиялық болып бөлінеді. Татьянаның 12 жасар қызында 6 жаста тірек қимыл жүйесінің бұзылуы байқалған.
"6 жыл бұрын әлемдегі барлық тәсілдерді қолдандық десек болады. Жүзу, массаж, терапия алу, белдіктер тақты қызым. Ешнәрсе көмектеспеді. Неден екенін нақты айта алмады ешкім. Омыртқа бір жағына қарай қатты қисайып, 4-ші кезеңнен 5-ке кетіп бара жатты. Балаға тек физикалық жағынан емес, өзімен жастылармен тілдесу қиын болды. Әр қимылың қиындайды. Операция сәтті өтті деп жатыр, алғысымыз шексіз. Денсаулығы жақсарып, бойы кішкене өссе екен дейміз", - деді қала тұрғыны Татьяна.
Күрделі операция Ұлттық медицина университеті клиникасының базасында өтті.
"13 жасар қыз түскен бізге өте күрделі операция, себебі бұл қыздың омыртқасы 140 градусқа дейін айналып кеткен. Бұл омыртқаның қисайғаны балаға біріншіден жүрек аймағына әсер етеді, өкпесіне әсер етеді. Көп деп ала алмай қалу мүмкін. Сол себептен бұл отаның мақсаты тек омыртқаны жөндеу ғана емес. Баланың өзінің нәтижесін жақсарту. Өте қиын операция болған соң әр омыртқаға біз өзіміз әдейі жоспарлы жасалған винттер крючоктар қойылады. Сосын ол темірлер қойылғаннан кейін сол темірмен тарқан кезінде біздің омыртқаны жөндеуге қажет болады", - деді "Ақсай" балалар республикалық клиникасы ҚазҰМУ ортопедия бөлімінің меңгерушісі Исмадун Харамов.
Операциядан кейін науқастың бойы бірнеше сантиметрге өседі. Күрделілігіне байланысты әр ота бірнеше жылға созылатын кезеңдерге бөлінеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!