- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Омыртқа ауруларын тудыруы...
Омыртқа ауруларын тудыруы мүмкін 9 әдет
Біздің телефон қарау, күні бойы кеңседе отыру, биік жастықта ұйықтау секілді күнделікті іс-әрекетіміз омыртқаға зиян келтіретінін білесіз бе? Massaget.kz тілшісі омыртқа ауруларын тудыруы мүмкін әдеттерге шолу жасап көрді.
Заманауи гаджеттерді пайдалану
Күні бойы смартфон экранына үңілу дене мүсінінің қисайып, бүкіреюінің ең көп тараған себебінің бірі. Бұл әдет тіпті "гаджет синдромы" атты бейресми атау алған.
Адам ұялы телефонға қарау үшін басын төмен қарай игенде, бастың салмағы шамамен бес есе артады. Өз кезегінде бұл жатыр мойнына жүктеме түсіріп, арқа бұлшықеттері қатайып, иық көтеріліп, мойынның төменгі бөлігі қысылып қалады. Мұндай қалыпта үнемі және ұзақ отырсаңыз, мойын-кеуде түйіскен жерде өркеш секілді түйін пайда болып, ол асқынса жарыққа (грыжа) айналуы мүмкін.
Отырықшы өмір салты
Бір қалыпта бірнеше сағат отырғанда, бел аймағында теңгерімсіздік пайда болып, аяқтың иілгіштері мен бел бұлшықеті қатты тартылады. Тепе-теңдікке жауапты негізгі бұлшықеттер әрқашан кернеуде болуы керек. Алайда, отырықшы өмір салты оларды айтарлықтай босаңсытады, салдарынан омыртқааралық дискілердің қоректенуі бұзылады.
Физикалық белсенділіктің бірден күшеюі
Егер жаттығу жасауды дайындықсыз бірден бастайтын болсаңыз, бұл омыртқаға шамадан тыс жүктеме түсіреді. Мысалы, жаттығу жасау техникаңыз дұрыс болмай, керек-жарақ жеткіліксіз болса, жарақат алу қаупі жоғарылайды.
Мұндай спорт түріне жүгіру кіреді, әсіресе қатты тығыздалған асфальт үстінде жүгіру сүйек пен шеміршектің жұқаруына әкеп соқтыруы мүмкін.
Дұрыс емес отыру, жүру, жату, тұру
Ыдыс-киім жуғанда, шаңсорғышпен үй тазалағанда алға қарай еңкею бел омыртқасына үлкен жүктеме түсіреді. Бұл қалыпта тұрған кезде экстензорлы бұлшықеттер қатты тартылады. Бастапқы кезде бел жай ауырғанымен, кейінірек ауыр ауруға асқынып кетуі ықтимал.
Бұдан бөлек, аяқтарды бір-біріне айқастырып отыру және компьютерде жұмыс істеу кезінде бүкірею бұлшықет арасындағы теңгерімсіздікті тудырады.
Биік жастықта ұйықтау
Омыртқаның саулығы үшін ұйықтаған кезде бас-омыртқа-жамбас біркелкі тұруы шарт, ал биік жастық немесе жұмсақ матрас бұған кедергі келтіреді.
Сонымен қатар, омыртқаға зиян тағы бір жаман әдет - ішпен жатып ұйықтау. Біріншіден, мойынның табиғи қисығы бұзылады. Екіншіден, бас бір жаққа ғана бұрылады, бұл мойын аймағындағы дислокация немесе бұлшықет дисфункциясына әкеп соқтыруы мүмкін.
Бір типті қозғалыстар
Күн сайын бірдей әкереттер, дененің бір бөлігіне ғана жүктеме түсіреді. Мысалы, егер дәрігер науқастарды қабылдаған кезде үнемі есікке қарай бұрылса, омыртқааралық буында дисфункция пайда болады.
Ыңғайсыз аяқ киім
Өкшесі биік, тар немесе материалы қатты аяқ киім кию омыртқа дискілеріне жүктеме түсіріп, табанның жалпаюына әсер етеді.
Ауыр салмақ көтеру
Жүктеменің дұрыс бөлінбеуі жоғарғы иық белдеуіндегі бұлшықеттердің кернеуін жоғарылатып, омыртқаны шамадан тыс жүктейді. Ал егер жұмысыңыз ауырлық тасымалдаумен байланысты болса, ережелерді сақтау керек.
Дұрыс тамақтанбау
Жылдам көмірсулар жеу, шамадан тыс тамақтану, фаст-фудқа деген сүйіспеншілік артық салмақтың жиналуына әкеледі. Осыған байланысты омыртқааралық дискілерге жүктеме және жалпақ аяқтың дәрежесі артады.
Айта кетейік, бұған дейін омыртқаңыз ауыратынын көрсететін 5 белгі хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Етіс деген не? Етістің қандай түрлері бар?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә