- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Өміріңіздің күл-талқанын шығаратын...
"Өміріңіздің күл-талқанын шығаратын еркектен қашыңыз!" Баян Алагөзова тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты пікір білдірді
Танымал продюсер Баян Алагөзова тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырайтын қыз-келіншектер көбейгені туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол өзінің instagram парақшасына әйелдерді қолдап, экс-министрдің әрекетін жауыздыққа балап жазба жариялады.
"Еркектің айтқаны дұрыс" дейтін қоғам ешқашан түзелмейді. 90 пайызын ерлер құрайтын парламентте ешқашан әйелдерге қатысты әділдік болмайды. Біз патриархалдық қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Оның мағынасын бәріңіз білесіздер: "Еркектікі – дұрыс, әйелдікі – қате". Мен түсірген соңғы фильмдегі эпизод – көптеген отбасының жан-айқайы. Кешіру, шыдау, бәрі өзгеретініне сену – аңыз. Қоғамды кезіп жүрген сұмдық оқиға – сөзіміздің дәлелі. Өзгермеңіз, өзіңізді сақтаңыз. Ешбір тиран адам сенің өміріңді қорламауы керек. Балаларың үшін де, басқалардың пікірі үшін де шыдауға міндетті емессің. Өміріңнің күл-талқанын шығаратын еркектен қашыңыз!", – деп кеңес айтты продюсер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, бұған дейін экс-министр Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінгені хабарланды.
Бұрынғы ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаев бұған дейін де істі болған. Ол 2018 жылғы наурызда 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол пара алу және ақша жымқыру істерінде айыпты деп танылған еді.
Бишімбаевтың сот ісі төрт айдан аса уақытқа созылды. Онымен бірге бұл істе 22 адам сотқа тартылған еді. Олар "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ экс-қызметкерлері, кәсіпкерлер және құрылыс компанияларының өкілдері болды.
Кейін экс-шенеунік 10 жылға сотталса да, тура 19 ай өткенде бостандыққа шықты.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Е. Ерболұлы