Өміріңіз босқа өтіп жатқандай сезімдесіз ба? Бұл бірдеңені өзгерту керегін көрсететін белгі.
Төменде жазылғандардың біреуі болсын сізге таныс болса, өміріңізді қолға алатын уақыт келді:
Ешкім мәңгі өмір сүрмейді. Бірдеңені өзгерту тек басында қиын және қорқынышты көрінеді. Төмендегі кеңестерге көз жүгіртіңіз.
1-қадам. Кез келген дұрыс емес қарым-қатынасты тоқтатыңыз
Сізді жақсы көрмейтін, құрметтемейтін және өміріңізге қызығушылық танытпайтын серік не үшін керек? Сіздің өзін-өзі бағалауыңызды түсіретін, өзіңіз жайлы жаман ойлауға мәжбүрлейтін адамдарға уақытыңызды құртпаңыз. Кез келген дұрыс емес қарым-қатынасты тоқтатыңыз. Оларға өміріңізді бұзуға жол бермеңіз және өзіңіз де олардың өмірін бұзбаңыз. Кек алудың жолын іздемеңіз. Өміріңізді "улаған" адамдардың бәрін жіберіңіз және күмәнданбаңыз. Олар сізге керек емес.
2-қадам. Ұнамайтын жұмысты жасамаңыз
Жұмысыңызды жек көресіз бе? Басқасын іздеңіз. Сылтау айтпаңыз. Жасағыңыз келмейтін нәрсені істеген кезде қанша тырыссаңыз да ол жақсы шықпайды. Ұнамайтын жұмыспен айналысып кәсіби табысқа жету мүмкін емес. "Жұмыстан шық" деп айту оңай, бірақ байқап көрмесеңіз, өзіңіздің қолыңыздан не келетінін білмей жүре бересіз.
3-қадам. Жұмыста жалқауланбаңыз
Егер жұмысыңызды жақсы көрсеңіз және оны пайдалы деп санасаңыз, жалқауланбаңыз. Егер күнделігіңізде түрлі тапсырмалар толып тұрса, ең қиындарынан бастаңыз: көпшілік адамның миы таңертең жақсы жұмыс істейді. Оған қоса, қиынын орындап тастағаннан кейін шабыт та келеді. Әлеуметтік желіге және телефонмен сөйлесуге ең болмағанда 1 сағат бойы алаңдамауды әдетке айналдырыңыз. Шаршап қалған кезде аз уақыт серуендеп келіңіз. Бұл миды сергітіп, келесі тапсырманы жылдам орындауға көмектеседі.
4-қадам. Уақытты бақылаңыз
Уақытты басқарып үйреніңіз. Сізге тайм-менеджмент көмектеседі. Күнделікті тапсырмалар жоспарын, тізімдер және мақсаттар жазып жүріңіз. Егер кешкісін уақыттың не нәрсеге кеткенін байқамай қалсаңыз, күні бойы не істегеніңізді мұқият жазыңыз: есеп жазу, әріптеспен сөйлесу, клиентпен сөйлесу, түскі ас және т.б. Бұл тек жұмыс жасайтындар үшін емес үй ханшайымдарына да уақытын тиімді пайдалануға көмектеседі.
5-қадам. Бос уақытыңызды қызықты етіп өткізіңіз
Заманауи технологиялар дамуының адамдарға тигізер кері тұстары да бар: көпшілік бос уақытын телефонның немесе теледидардың алдында өткізеді. Оның орнына достарыңызбен кездесіңіз, көрмеге барыңыз, отбасыңызбен қыдырыңыз, кітап оқыңыз немесе ерекше тамақ пісіріңіз.
6-қадам. Ұйқыны реттеңіз
Кей адамдар 7-8 сағат ұйықтау - уақытты бос құрту деп ойлайды. Алайда түнімен ұйықтамау және режим сақтамау денсаулықты бұзады. Сондықтан ерте жатып, ерте тұруды әдетке айналдырыңыз. Одан денсаулығыңыз жақсарып қана қоймай, сондай-ақ көп нәрсені жасап үлгеретін боласыз.
7-қадам. Жақындарыңызды бағалаңыз
Өзіңіз таңдаған адамдарды бағалаңыз. Олармен жиі сөйлесіп тұрыңыз, оларға қамқор болыңыз және алғыс айтып тұрыңыз. Себебі біздің өміріміз солардан тұрады.