“Өмірін тозаққа айналдырды“. Павлодарда ер адамның денесі шіри бастаған

“Өмірін тозаққа айналдырды“. Павлодарда ер адамның денесі шіри бастаған
Фото: depositphotos.com

VITA ерікті іздеу-құтқару жасағының еріктілерінің мәліметінше, облыс орталығының тұрғыны Владимир Васильев 5 жыл бұрын жұмыс істеп, өзін жақсы сезінген. Ер адам іріңді ангинамен ауырғаннан кейін денесінде фурункулдар пайда бола бастаған. Олар бүкіл денеге таралып, шіріген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бұлшықеттерді "жейтін", қабығымен жабылған, іріңді, құрттар пайда болатын ашық жаралар мен қатты ауырсыну Владимирдің өмірін тозаққа айналдырды", - деп жазды еріктілер. 

Ер адамның жақындары жоқ. Анасынан 18 жасында, ал әжесінен жуырда айырылды.

"Ол отырып, жатып, жүре алмайды. Шіріген аяқтарын бүгіп ұйықтауға мәжбүр", - дейді еріктілер. 

Облыстық денсаулық сақтау департаменттегілердің аталмыш науқас жайлы хабары бар. 

"2019 жылдың наурыз айынан бастап науқастың арқа терісінде бөртпелер пайда болды. Ол аурудың басталуын фолликулярлық ангинамен байланыстырады. 2021 жылдың қаңтар айынан бастап 2 топтағы мүгедектікте, учаскелік дәрігер мен кардиологтың Д-есебінде тұрады. Дерматовенеролог, эндокринолог, ревматологпен, тұрғылықты жері бойынша дәрігер-терапевт, хирургтың бақылауымен кеңестер өткізілді. Науқасқа әлеуметтік қызметкер тағайындалды", - деді департаментте.

Ер адам бірнеше рет жағдайдың қысқа мерзімді жақсаруымен Успен аудандық ауруханасы мен Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасында амбулаториялық және стационарлық ем алды. Дәрігерлер оны күрделі санитарлық жағдайларға және мамандардың ұсынымдарын толық орындамаумен байланыстырады.

2024 жылғы қараша айының басында Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың тері-венерологиялық бөлімшесіне қайта жоспарлы емдеуге жатқызу жоспарланған.

Қазақ тері-венерологиялық ғылыми-зерттеу институтының дерматовенеролог, медицина ғылымдарының докторы, профессор З.Б.Есенғараевамен телемедицина жүргізілді. Телемедицина сессиясын қайта өткізу жоспарланып отыр. Дерматолог 2024 жылдың қараша айында тексереді.

Науқас тұрақты бақылауда тек жыл басынан бері аудандық ауруханада және Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық ауруханада жеті рет стационарлық емделуге жатқызылды. Патронаж үйде өткізіледі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан