Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымова елімізде кәсіби білімі жоқ дәрігер сымақтардың көбейгенін ескертіп, қазақстандықтарды әлеуметтік желідегі жарнамаға сенбеуге шақырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол депутаттық сауалын Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға жолдады.
Оның айтуынша, былтыр Алматыдағы клиникада кәсіби медициналық қызмет алмаған 2 жасар бала қайтыс болған.
"Балаға бір уақытта 22 дәрі-дәрмек, 7 дәрі тамызғыш (капельница) тағайындалды. Салдарынан баланың ағзасы уланып, ол қалалық балалар ауруханасындағы жансақтау бөлімінде көз жұмды.
Бұл клиникада кішкентай пациенттерге бір уақытта 40-қа дейін дәрі-дәрмек тағайындалады. Ауруы асқынған және денсаулыққа аса ауыр зиян тиюдің көптеген жағдайы тіркелуде. Мұнда дәрігердің кеңесі 200 мың теңге, массаж курсы – 400 мың теңге және басқа да медициналық қызметтер негізсіз қымбат", - деді Гүлдара Нұрымова.
Депутат баланың өліміне қарамастан клиника жұмыс істеп тұрғанын атап өтті.
"Тіпті, адам медицина маманы болмаса да 22 немесе одан да көп дәрі-дәрмекті бір уақытта қабылдау бала тұрмақ, ересек адамның ағзасына ауыр тиетінін түсінеді. Сонымен қатар медициналық жоғары оқу орындарында болашақ дәрігерлерге полипрагмазияға жол бермеуге, яғни 5-тен артық дәрі-дәрмекті тағайындамауға оқытады. Осы жағдайға қарамастан бұл клиника қызметін жалғастыруда", - деді ол.
Оның пікірінше, кәсіби білімі жоқ дәрігер сымақтар адамдардың өміріне қауіп төндіруде.
"Жақында Астанадағы №2 қалалық ауруханасының реанимация бөліміне жағдайы ауыр насқас түсті. Оған медициналық білімі жоқ дәрігер сымақ пластикалық операция жасаған. Салдарынан науқастың жағдайы нашарлаған. Пациентке шұғыл хирургиялық операция жасау нәтижесінде оның өмірін әрең сақтап қалдық. Мұндай фактілер көп.
Сондай-ақ Таразда хирург сымақтар жеке салонда 9 заңсыз пластикалық ота жасаған: блеферопластика, липосакция және тағы басқа. Салдарынан (науқастардың) денсаулығына аса ауыр зиян тиген: бет пен дене тінінің деформациясы, қабақтың ассимметриясы, іштегі спазмодикалық ауырсыну, аяқ-қолдың дисфункциясы, құлақ сырғалығының деформациясы және тағы басқа", - деді Гүлдара Нұрымова.
Депутат қазақстандықтарды желідегі жарнамаға сенбеуге шақырды
"Өкінішке қарай әлеуметтік желілерде кез-келген адам өзін кез-келген саланың маманы ретінде, тіпті медициналық арнайы білімі болмаса да өзін дәрігер ретінде жарнамалай алады. Осылайша, адамдар "көздің жауын алатын" жарнамалардың құрбаны болады.
Соңғы уақытта медициналық білімі жоқ қандастар медициналық кабинеттерді жиі ашатын болды. Олар түсінісіз құралдарды, балғаларды, тіркелмеген дәрі-дәрмектерді пайдаланады. Денсаулық сақтау департаменттері, медициналық және фармацевтикалық қызметтің сапасын бақылайтын комитеттер, құқық қорғау органдары қайда қарап отыр", - деді ол.
Гүлдара Нұрымова мәселені шешу үшін Үкіметке өз ұсынысын айтты:
Аяз Есен
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!