Желіде "Той думан" арнасында жарық көрген Алина Шакиева есімді әншінің әні қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz.
11 шілдеде телеарнаның YouTube-арнасында Алина Шакиеваның "Ұйқым келмейді" атты әні шыққан. Ән әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті.
Телеарнаның Instagram-парақшасында түрлі пікір жазылған:
"Мына дауыстан ұйқы точно келмейді екен", "Не мынау, бұны да ән деп тұр ма, масқара", "Ұйықтай салған дұрыс-ау", "Өмірімізді ұзартып, бір күліп алдық қой", "Өнердің қадірі кетті. ... Өнерді қызғануға болмайды, бірақ бағалау керек қой", "... ақындар сендер өтінішке жазып беріп жатсыңдар ма? Қазақ өнеріне деген жанашырлық мүлдем жоқ болғаны ма?", "Мына әнді тыңдап ұйқым келмей кетті", "Не өлең мынау? Не мағына, не мәні жоқ", - деп жазды Желідегілер.