- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Өмірімнің келесі кезеңі,...
"Өмірімнің келесі кезеңі, қош келдің". Әнші Роза Әлқожа құпиясын бөлісті
Фото:
Желідегі парақшасынан
Желідегі парақшасында жазбасын бөліскен Роза Әлқожаның қуанышына ортақтасқандар көп, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бірнеше суретті қатар жариялаған әнші "Өмірімнің келесі кезеңі, қош келдің!" деп жазба қалдырған.
Жазбаның астына әншінің достары "Құтты болсын,Розка! Көзді ашып-жұмғанша деген осы екен ғой. Бақытты болсын, балалар!", "Айеке, Розка, құда-құдағи болғандарың құтты болсын! Алла жақсылығын берсін. Жастар бақытты болсын!", "Ооо, керемет! Құдағи болуыңмен! Балаларыңның бағы баянды болсын!" деп жазба қалдырған. Әншінің үлкен ұлы Бейбарыс келін әкеліп, ата анасын қуантпақ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Қ. Әбілдәқызы