- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Өмірімде бірінші рет...
"Өмірімде бірінші рет қатты жыладым". Бағдат Сәмиденова өмірдегі өкінішін айтты
Белгілі әнші Бағдат Сәмиденова өміріндегі өкініші туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі el.kz youtube-арнасына сілтеме жасап.
Өнер иесі ата-анасынан ерте айырылғанын айтты.
"Әке-шешем ерте қайтыс болып кетті. Өкініш дейтін сол ғой. Бір өкініш іште тұрады. Әкемнің інісінің қолдында өстім. Әжем болды. Сол әкемнің інісі бізді қолына алды. Туған әке мен ананың орны бөлек. Бір күні балалармен ойнап жатқанда біреу "сенің шешең жоқ" дегенді айтып қалды. Біздің үй үлкен болатын, бақшамыз бар еді. Балалардың бәрі біздің үйге жиналатын, көмектесетін. Жоңышқаның арасына барып, ешкімге көрсетпей жатып жылағаным бар. Сонда өмірімде бірінші рет қатты жыладым", - деді ол.
Оның айтуынша, анасының бір ауыз жылы сөзі қатты әсер еткен.
"Әке мен шешенің орнын ешкім ештеңемен ауыстыра алмайды. Шешеңнің айтқан бір ауыз жылы сөзі. Мектепке алғаш барған кезімде шешем ауырып, қайта-қайта ауруханаға түсіп қалып жатты. Бір жаққа бара жатсам, нан мен қаймақты бір-біріне жағып, қолыма ұстатты да "енді бара ғой" деді. Соның өзінде көп нәрсе жатыр. Ананы жеп алған соң кешке дейін үйге келмейсің ғой", - деді ол.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы