Әнші Мақпал Жүнісова Алматы облысына концерттік сапары кезінде қызық оқиға болғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің сөзінше, концертке киетін көйлектерін ұмытып кеткен.
"Кеше өмірімде болмаған оқиға болды, таңғы 7-де Кегенге Мерей шығарып салды, домбырамды, концертке киетін бас киімді алып, чемоданға аяқ киімдер мен косметиканы салыппын, ал концертке киетін, чехолға салынған костюмдерді үйде қалдырып Кегенге барыппын. Сол жақтан дүкенге қыздар барып, ұзын қара юбка мен "Тоқжан" деген дүкеннен камзол сатып алып келді, сонымен концертті бастадық, соңғы выходқа костюмдерді Мерей таксимен жібертті, халыққа түсіндіріп айттым, бәрі жақсы өтті", - дейді ол.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!