Танымал қазақстандық әнші Ayree жақында жақсы жаңалығын жариялап, қуанышын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Өмірім өзгерістерге толы", - деп жазды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында.
Достары мен таныстары, тіпті, оқырмандары да әншінің жеке өміріне қатысты жаңалық күтіп жүрген сияқты.
"Айкаа, маңызды күн? Мен ойлап тұрған ба?", "Бақытты бол", "Ұзатылу", "Той?", "Сол күн бе расымен?" деп жазғандарға әнші "Жандарым, құттықтауларыңызға рақмет. Бірақ, дайындығым мүлдем жеке өміріме қатысты емес", - деп жауап беріп, көңілін су сепкендей басты.
Кейінірек қызу дайындықтың той үшін емес, концерт үшін жүріп жатқанын хабарлады.
"Астанада өтетін концертке дайындық. Ерекшелігі, бұйырса алғашқы рет жапон тілінде оркестр сүйемелдеуімен ән айтатын боламын", - деп жазды әнші желіде.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!