- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Өмірдің мәні жоқ"....
"Өмірдің мәні жоқ". Алматыда көпірден секірмек болған ер адам видеоға түсірілді
Алматыда көпірден секірмек болған ер адамды құтқару сәті түсірілген кадрлар жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Өз-өзіне қол жұмсамақ болған алматылықты патрульдік полиция қызметкерлері аман алып қалған. Қала тұрғындарының шақыртуына бірінші болып "Буран-317" экипажы жауап берген.
"Сағат 19:00 шамасында Сүйінбай даңғылы бойындағы жаяу жүргіншілер көпірінен белгісіз ер адам секіргелі тұрғаны туралы қоңырау келіп түсті. Біз оқиға орнына үш минутта жеттік. Әріптесім екеуміз ер адамды мұндай әрекетке бармауға көндіре бастадық", – деді ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің қызметкері Құдайберген Тоғжанов.
Ал полиция қызметкері Санжар Әбдірайымов сол сәтте уақыт санаулы болғанын айтты.
"Ол көпір қоршауынан ұстап тұрды. Бізден алыстап, сұрақтарымызға жауап бермеді. Оның назарын аударып, сөйлесіп, қоршаудың арғы жағынан шығару үшін оған қарай жақындадық. Сол кезде басқа әріптестеріміз төменде, жолдың бойында болды. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Ер адам секірген жағдайда, ауыр жарақат алмас үшін жүк көлігін көпірдің астына әкеліп қойды. Бір кезде оны ұстап үлгердік. Бірлескен күш-жігердің арқасында оны қауіпсіз жерге шығардық", – деді Әбдірайымов.
Өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адам мас күйде болғаны белгілі болды. Ол қызымен ұрысып қалғанын, өмірдің мәнін жоғалтқанын айтқан.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан