Өмірден өткен қазақстандық әйел донор болып, бес адамды аман алып қалды
Өмірден өткен қазақстандық әйел донор болып, бес адамға көмектесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ағза ауыстыруға кезекте тұрған үш пациентке операцияны 17 шілде күні University Medical Center қорының мамандары жасаған.
"Донор - 44 жастағы әйел, ол геморрагиялық инсультпен ауырған. Дәрігерлер кеңесі ми өлімін тіркеген. Алайда оның туыстары донор болуға рұқсат беріп, бес адамның өмірін аман алып қалды", дейді қор өкілдері.
Донор болған әйел адамның ағзалары 43 жастағы әйелге (жүрек транплантациясы), 15 жастағы қызға (бүйрек трансплантациясы) берілген. Науқастардың жағдайы жақсы, олар мамандардың бақылауында, оңалтудан өтіп жатыр. Екінші донорлық бүйрек пен бауыр астананың Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығында пациенттерге трансплантацияланды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина