Тележүргізуші, кино және театр актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалды "Таңшолпан" бағдарламасына берген сұхбатында режиссер Шәкен Аймановтің жеке өміріне тоқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, Шәкен Айманов өмірде тұрмысқа көп мән бермеген.
"Мен Асанәлі ағаммен көп сөйлесемін. Асанәлі Әшімов Шәкен Аймановтің жалғыз күйеу баласы және ол кісіні қатты зерттеген адам. Шәкен Айманов өмірде тұрмысқа көп мән бермеген екен, тек өнермен шұғылданыпты. Өмірін өнерге арнаған адам. Сол заманда осындай бір тренд болды, байқасаңыздар, өнер адамдарының балалары аз. Мысалы, Хадиша апамызда бала болмаған, Шолпан апамызда бір ұл, әрқайсысында бірден, екіден, өйткені кез келген шығармашылық адамның отбасында бала дүниеге келетін болса, ол өнерден 4-5 жылға алшақтайды деген сөз. Сондықтан кішкене уақыттарын үнемдеп, өнерге арнаған. Көп адам сондай, бірақ бұл кейін қартайғанда қиын болады. Сол үшін негізі өнер мен өмірді қатар алып жүру керек. Өнер деген мәңгілік болғанымен, адам бір уақытта мәңгілік тұрмайды ғой, адам қартаяды, қартайғанда немере-шөбере-бала-шағаң болғаны дұрыс, сондықтан менің ойымша қазір басқа ұғым, басқа түсінік", - деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін "Онымен жұмыс істеу қиын болды". Асанәлі Әшімов режиссер Шәкен Аймановты есіне алғаны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ұлы Жібек жолының тармақтары және Қазақстандағы сілемі
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз