Әнші Мәдина Сәдуақасова әлеуметтік желідегі хейтерлеріне жауап берді. Өнер иесі оларға өз өмірлерімен айналысуға және сәтсіздік үшін жауапкершілікті басқаға жүктемеуге кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі оқырмандарына арнайы жолдау жариялады.
"Құрметті менің негативщик-хейтерларым , өміріңіздегі сәтсіздіктерге , ашуыңызға әнші Мадина Садуақасованың еш қатысы жоқ. Соның бәрін Сізді ренжіткен адамға айтыңыз, жеңілдейсіз. Немесе бұл жаман әдетті қойып, немесе отписка жасап , басқа жертва табыңыз. Ал мен, өзімді қолдайтын , шығармашылымды жақсы көретін , құрметтейтін , жаны ашитын , мейлі , кейде, дұрыс сын ( негатив емес ) айтатын жақсы адамдармен өмірде қалғым келеді ❤️
Кім айтты Инстаграм өмір емес деп", - деп жазды әнші.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасындағы оқырмандарына шығармашылығы ұнамаса, өзін оқудан бас тартуды сұрады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!