Танымал әнші Қарақат Әбілдина әлеуметтік желідегі парақшасында ойлы жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі бұл өмірде әр адамның тағдыры әртүрлі екенін айтады.
"Өмірде әртүрлі сынақтар бар… Алла Тағалаға әр пендеге өзіне лайық сынақ берген. Өздеріне жетерлік ризық, берекет, үлес берген. Адамның бұл дүниеде өзін бақытсыз санауы - сол берілген үлеске риза болмауынан. Мысалы бір адамға әсем дауыс беріп сол арқылы жұлдызы жанып елдің атақты әншісі болады. Енді біреу ілімге құштар болып әйгілі ғұлама болады. Біреуіне байлық берілсе, біреуіне кедейлік беріледі. Біреуге денсаулық берілсе, біреуге науқас, кембағалдық беріледі. Мысалы барлық спортшылар өз саласында чемпион болуға тырысады. Біреу шахмат арқылы, енді біреуі балуан болып күрес арқылы чемпион болады. Елге оралғанда сол әр түрлі саладағы чемпиондар барлығы бірге бір қатар тұрып бірдей марапатталады. Шахматист "мен неге балуан секілді күшті емеспін" демейді. Сол сияқты әркім өзіне берілген үлес арқылы өмірдің додасына түседі. Біреу кедейлігі арқылы, енді біреу байлығы арқылы аламан бәйгеге түседі. Алайда осы кезде біреу өзіне берілгенге разы болмай өзгенікіне жармасса, зиянға ұшырайды", - деп жазды әнші.
Ол оқырмандарымен өзі ой түйген жазбаны бөлісуді жөн көрген.
"Кедей болып жүріп өсіммен байып соның салдарынан бүкіл туыс пен жақындарынан безіп асқақтап ақырында ісі сотты болып қарызға белшесінен батып түс көргендей қайта оянып істеген ісіне пұшайман болып жүргендер қаншама десеңізші!.. Әрине, бұл жерде адам кедей болса "кедей екенмін" деп қол қусырып қарап отыру дұрыс емес. Қолындағы кетпені, тоқпағымен Хақ Тағаланың қақпасын ұрып дұға ету басқа бір мәселе. Біз бұл жерде Хақ Тағаланың ризығы пен пенделерге берілген пайы арқылы сынақты айтып отырмыз. Сондықтан да Бақара сүресінде айтылғандай: "Раббым! Бізге шамамыз келмейтін жүкті артпа!" деп дұға еткен абзал" деген ойды желіде бір сайтта оқып, өзіме өте көп ой түйдім, бөліскім келді. Барымызды бағалап барып, бұдан да жақсыға ұмтылған жақсы шығар…" - дейді өнер иесі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!