TikTok желісінде жарияланған әкесі мен баласының биі көпшілікті сүйсінтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бейнежазбада мүгедектігі бар әкесі ұлымен бірге жарыса билейді. Видеоны yerdauletkadimbergenov есімді желі қолданушысы жүктеген.
@yerdauletkadimbergenov♬ Өмір шіркін ай - Amantai Aben
Әкесінің ерік-жігерінің мықтылығына сүйсінген көпшілік видеоға 20 мыңға жуық лүпіл басып, 1000-нан астам пікір жазған.
"Алла қуат берсін", "қандай керемет, бақытты болыңдар", "бәрекелді, бала бауыр етің", "ерік-жігерің жоғары екен, жолдасыңа мың тағзым", "қол-аяғы балғадай ер кісілер балаларына көңіл бөле алмайды, күш-қуат берсін сізге", "ең бақытты адам - сіздер", "баланың қызығын көруді нәсіп етсін", "тәтті өздері", "алаңсыз шауып жүр әкесінің қасында", "өмірді осылай сүру керек", - деп жазды желі қолданушылары.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!