"Өмір тамаша". Ғарышкер Дмитрий Петелин қазақстандықтарды Жер орбитасынан құттықтады

Ғарышкер Дмитрий Петелин Қазақстан халқын Жер орбитасынан Наурыз мейрамымен құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Костанайские новостиге" сілтеме жасап.

Ресейлік ғарышкер құттықтауын орыс және қазақ тілдерінде айтты.

"Құрметті қазақстандықтар, әсіресе қостанайлықтар, жерлестер! Мерекелеріңіз құтты болсын! Өздеріңізді сақтаңыз. Мен Ғарыштан Жерге қарауға мүмкіндік алдым және сіздерге "бір-біріңізге ренжімеңіз, бекер ашуланбаңыз" деп айтқым келеді. Біздің планетамыз үлкен және өте әдемі - орбитадан мұндай әдемі Жерде қиындықтар болуы мүмкін емес сияқты. Бүгін үлкен және жарқын мереке - сіздерге бақыт тілеймін! Қиындықтарға жоғарыдан қараңыз, күннің батуы мен таңның атуын қуана қарсы алыңыз, әр күннен ләззат алыңыз және мынаны біліңіз: өмір тамаша! Наурыз мейрамы құтты болсын!", - деді ол құттықтауында.
 

Дмитрий Петелин 1983 жылы 10 шілдеде Қостанай облысында дүниеге келген. 2000 жылы Қостанайдағы техникалық-экономикалық мектеп-лицейін бітірген.

Одан кейін Оңтүстік-Орал мемлекеттік университетінің аэроғарыш факультетіне оқуға түсті. 2006 жылы "Әуе және тікұшақ инженері" мамандығы бойынша диплом алған. Жуковскийдегі "Ғылыми-инжинирингтік компания" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің авиаконструкторлық бөлімінде инженер-конструктор болып жұмыс істеген. Ол 2012 жылы "Роскосмос" ғарышкерлер отрядының іріктеуінен өткен.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!