- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Өмір сүргім келмейді...
Өмір сүргім келмейді деп айғайлаған. Шахтинскіде әйел жоғары қабаттан секірмек болған (Видео)
Шахтинскіде полицейлер бесінші қабаттан секірмек болған тұрғынды құтқарып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 1 мамырда сағат 14.00 шамасында Қарағанды облысы Шахтинск қалалық полиция бөліміне көпқабатты үйдің бесінші қабатынан әйел секірмек болып тұрғаны туралы хабарлама түскен. Тез арада оқиға орнына патрульдік полиция взводының инспекторлары Дулат Ситахметов пен Ерназ Өскенбай барған.
"Әріптесім екеуміз бесінші қабаттың дәлізіндегі терезеде отырып, өмір сүргім келмейді деп айғайлаған азаматшаны көрдік. Терезенің жақтауы қысқа болғандықтан, егер азаматша ыңғайсыз қозғалыс жасаса, қайғылы жағдайдың болу қаупінің алдын ала алмас едік. Сондықтан мен сыртта қалып, құлап кеткен жағдайда қауіптің алдын алуға дайындалып тұрдым. Ал Дулат сатымен ішке көтеріліп, тұрғынды әңгімеге тартты. Оған бәрі жақсы болатынын, эмоцияға берілмеу керек екенін барынша айтып, түсіндірді. Терезе қысқа болғандықтан азаматшаға жақындау қиындық тудырды. Бір кезде Дулат азаматшаның қолын созуға көндіріп, кейін бірден шап беріп, ішке тартып алды", - деді Ерназ Өскенбай.
Әйел мұндай әрекетке жолдасымен арада болған ұрыстан кейін барғанын айтты. Полиция қызметкерлері құтқарылған әйелді психологтарға тапсырған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова